Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр ғұмыры – ғажап ақын» атты мәнерлеп оқу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың рухани әлемін байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Кеш барысында қатысушылар ақынның «Ақындарға», «Ленинградтық өренім», «Өтеген батыр» және басқа да шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысушы жырды жүрекпен жеткізіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар кеш аясында «Бір сөз – бір ой» және «Сипатта – тап!» атты әдеби ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар берілген сөздер мен сипаттамалар арқылы ақын шығармаларын еске түсіріп, белсенділік танытты. Бұл ойындар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, кештің мазмұнын жандандыра түсті.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара әсерлерімен бөлісіп, поэзияның адам жанына рухани күш пен шабыт сыйлайтынын атап өтті. Музыкалық үзілістер мен әсерлі оқу кештің мазмұнын толықтырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл мәнерлеп оқу кеші қатысушылардың рухани дамуына оң ықпал етіп, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.
Осындай тағылымды әрі рухани мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Кеш соңында қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
Нәтижесінде: 10 адам қамтылды
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/496-asyr-myry-azhap-a-yn-atty-m-nerlep-o-u.html#sigFreeId2958188d31



















