«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» тарихи роман бойынша «Тарих пен тағдыр тоғысқан қаламгер» тақырыбында тарихи кеш
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» тарихи роман бойынша «Тарих пен тағдыр тоғысқан қаламгер» тарихи кеш №1 орта мектептің 10 сынып білім алушылар арасында өтті.
Мақсаты: Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын және шығармаларын таныстыру, қазақ әдебиеті мен тарихын насихаттау, жастарға патриоттық, адамгершілік құндылықтарды көрсету.
Кеш қонағы: Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Күзербаев Сәрсен қатысты.
Тарихи кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының тарихын айтып және жазушының өмірдерегімен таныстырып өтті. Кеш қонағы бұл шығарма – қазақ халқының қиын кезеңдегін өмірін, ел тағдырын, тарихи шындықты бейнелейтін терең туынды. «Тағдыр» тек адамның емес, тұтас бір халықтың тағдыры. Автор тарихи оқиғаларды көркем тілмен жеткізіп, оқырманды ойлауға жетелейді. Роман бізге өткенді ұмытпау, тәуелсіздіктің қадірін білу керектігін түсіндіреді деп айтып өтті. «Тағдыр» романы тарихымызды көтеретін құнды шығарма. Бұл кітап әр қазақ оқуы тиіс маңызды туындылардың бірі деп ойлайын деп кітапханашы кешті қортындылады. Кеш соңында «Қабдеш Жұмаділов – халықтың тағдырын сөзбен жеткізген жазушы» тақырыбында ашық қарау ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалып, «» слайд назарларына ұсынылды. Нәтижесінде: 17 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/503-tarikh-pen-ta-dyr-to-ys-an-alamger-ta-yrybynda-tarikhi-kesh.html#sigFreeIdf977606e17



















