Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған тұңғыш қазақ шопаны Жазылбек Қуанышбаевтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Туған жердің тірегіне айналған тұлға» тақырыптық кеш №1 орта мектеп 10 сынып білім алушылар арасында өтті.
Мақсаты: Жастарға Социалистік Еңбек Ері, атақты күрісші Қуанышбаев Жазылбек өмірі мен еңбегін таныстыру, адал еңбекке тәрбиелеу.
Іс-шара қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева жүргізді. «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп халық тектен-тек айтпаған. Халық айтса халт айтпайды. Шынында оның еті бал, сүті шипа, жүні алтын. Бұл өзі публикамызда қой өсіру жаңа сипат алып отыр. Қазақ қашаннан төрт түлік малды береке мен байлықтың басы санап, көп игілігін көрген. Қазіргі ұрпақ үшін Жазыл¬бек Қуанышбаев әлі де жұмбақ жан. Өйткені өзінің еңбегімен шопан кәсібінің абыройы мен даңқын асырып, мал шаруашылығы тарихында өшпес із қалдырған баба туралы айтатын дүние көп – деп, шопан атамыздың өмірбаяны мен отбасы туралы айтып өтті. Сонымен қатар Н.Айдаровтың «Жазылбек Қуанышбаевтың мектебі», «Жазылбек мектебі», Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жылдығына арнап шығарылған «Жаз ата» кітаптары таныстырылды.
Сондай-ақ, «Еңбегін ел таныған» тақырыбында ашық қарау ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасады.



















