Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Жамбыл Жабаев 180 жыл «Жамбыл әлемі» тақырыбында интеллектуалдық сайыс

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана лидері» жобасы аясында ұлы ақын Жамбыл Жабаев 180 жыл «Жамбыл әлемі» тақырыбында интеллектуалдық сайыс жастар ресурстық орталығының жас мамандарының қатысуымен өтті.
Жобаның мақсаты: жастарды кітап оқуға тарту арқылы тұлғалық танымын және білім деңгейін көтеру, кітапхананың лидер оқырмандарын тауып, оларды марапаттап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері: АБЖК меңгерушісі Тулепбергенова Шолпан, Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Сүлейменова Гүлбағира, жастар ресурстық орталығының заңгері Кажигалиева Балнұр және сайыста бақ сынайтын үміткерлер: Қайсар Ақмарал, Садырбаева Пернегүл, Ашимханова Балнұр, Есбулаева Мерейді таныстырды.
Сайыс төрт бөлімнен тұрды.
I – «Бәйге»
ІІ – «Жорға»
IIІ – «Дода»
IV – «Жалғасын тап»
«Бәйге» кезеңі бойынша қатысушыларға логикалық сұрақтар қойылып, әр дұрыс жауап бір ұпай санымен есептелді.
«Жорға» кезеңі ұлы ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналды. Әр қатысушыға асықты таңдау арқылы ақынның өмірі мен шығармасына байланысты төрт сұрақтан берілді, аз ұпай жинаған Ақмарал келесі кезеңге өте алмады.
«Дода» кезеңі бойынша себеттегі сұрақты таңдай отырып, әр қатысушыға үш сұрақтан қойылды. Ең төменгі ұпай жинаған Пенегүл ойыннан шығып қалды.
«Жалғасын тап» кезеңінде Ж.Жабаевтың нақыл сөздерінің жалғасын табу үшін Мерей мен Балнұр додаға түсті. Балнұр төрт кезең бойынша жоғары ұпай жинап алға шықты.
Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ұпайын есептеп, жариялап, жылдамдық пен білімділігін көрсеткен Ашимханова Балнұр жеңімпаз атанды. Жеңімпазға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.
Нәтижесінд: 15 адам қамтылды