Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Күләш Ахметова 80 жыл «Жүрегі мейірімге толы» әдеби аялдама Аса ауылы тұрғындары арасында өтті.
Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ақын поэзиясы арқылы оқырмандарды әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, өлең мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқу залының кітапханашысы орталық аялдамаға барып, ауыл тұрғындарына ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, сезім мен тебіреніске толы «Үшарал», «Ертең де күн бар», «Қымбат сыйлық», «Жапырақ-жаздың жүрегі» т.б. өлендерін мәнерлеп оқып берді. Сөз маржанын терген ақынның өнер туындысына үңілген сайын бойыңды ерекше сезім билейді.
Бүгінгі әдеби аялдама арқылы біз қазақ поэзиясының көрнекті ақыны Күләш Ахметованың шығармашылығымен тағы бір рет таныстық. Ақынның жырлары әрқашан жүрегімізге жылыулық сыйлап, рухани байыта бермек.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/507-kitap-rukhani-lem-o-y-da-ojlan-zhylzhymaly-kitapkhana-zhobasy.html#sigFreeId968bf70b0c



















