Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Оқы Likе» жобасы аясында «BookTime: бәрі оқудан басталады» кітап талқылау кеші

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқы Likе» жобасы аясында «BookTime: бәрі оқудан басталады» кітап талқылау кеші «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе өтті.
Мақсаты: Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дамуына ықпал ету және оқырмандар арасында еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Кеш шымылдығын ашқан библиограф М.Құлшынбаева қатысушыларды спикерлермен таныстырып, мазмұнды ой қозғап, оқырман жүрегіне жол табар әсерлі әңгіме өрбітті.
Кітап талқылау барысында Жамбыл ауданданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының заңгері» Қажығалиева Балнұр Дейл Карнегидың «Алаңсыз өмір сүр» кітабын оқып, оның мотивациялық мәніне тоқталып, өмірге жеңіл көзқараспен қарау, уайымнан айырылып, өз-өзіне сенімді болу жайлы әсерлі ойын ортаға салды. Аудандық орталық кітапхананың кітап қорың толықтыру және өңдеу бөлімінің қызметкері Иманалиева Сандуғаш Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» туындысының тағлымды мазмұнын әсерлі жеткізіп, оқырмандарды аталымыш кітапты оқуға шабыттандырды. Сонда - ақ Ашимова Балнұр Азамат Скаковтың «Сен» және «Мен» кітабы төңірегінде өз ой-пікірін білдіріп, шығарманың мән-мағынасына тоқталды. Ал Есбулаева Мерей Дулат Исабековтың «Сүйекші» туындысының терең философиялық астарын ашып, әсерлі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Хожамкулова Замира Өтебай Қанахинның «Құдірет» кітабын таныстырып, оқырман көңіліне ой салар тұстарын ерекше ықыласпен жеткізді.
Кеш барысында Садырбаева Пернегүл Домалақ ана мен Бәйдібек баба жайлы тағылымды ой қозғап, ұлттық құндылықтар төңірегінде мазмұнды пікірлерін ортаға салды. Бұл кітап талқылау кеші – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, рухани байлыққа бастар жол, жүрекке жылу сыйлаған тағлымды кездесу болды.
Кеш соңында қатысушылар ерекше әсер алып, кітапқа деген қызығушылықтары арта түсті.