Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітапхананың сиқырлы түні» библиошар

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2 -сәуір - Балалар кітабы апталығының ашылуына орай «Кітапхананың сиқырлы түні» библиошар оңалту орталығы қызмет алушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және ертегілер әлеміне саяхат жасау болды.
Кеш барысында қатысушыларға кітапхана қызметкерлері «Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын қойды Кейіпкерлердің шынайы ойыны көрермендерді ертегі әлеміне жетелеп, балалардың қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, балалар көңілді әндер айтып, түрлі қызықты ойындарға белсене қатысты. Ойындар арқылы олардың ойлау қабілеті дамып, кітапқа деген сүйіспеншілігі арта түсті.