Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Байтанағали Төлентаевтың «Шахматшы қонжық» ертегі-поэмасы кітабының таныстырылымы

Аудандық кітапхананың конференция залында жергілікті ақын-жазушы, шет ел тақырыбына қалам тартып жүрген бірден-бір қаламгер, фантастикалық бірнеше әңгіменің авторы Байтанағали Төлентаевтың «Шахматшы қонжық» ертегі-поэмасы кітабының таныстырылымы зиялы қауым өкілдері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шараға арнайы Халықаралық «Түркі тілдес мұғалімдер ассоциациясының» директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, «Тәтті ертегі» жобасының жетекшісі Алдаберген Лариса Жұмадуллақызы қатысып, «Шахматшы қонжық» ертегі-поэмасы кітабын таныстырды. Сонымен қатар, кітаптың бір данасын аудандық орталық кітапханаға сыйға тартты.
Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Сәрсенбай Күзербаев пен Сембек Пірімқұлов өз пікірлерін білдірді. Кездесу барысында автордың шығармашылығы кеңінен насихатталып, туындының мазмұны мен ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Шара жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына оң әсерін тигізді. Қаламгер Төлеген Байсүгіров ақ батасын берді.