10 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейінде «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітабын насихаттау бойынша қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, тарихшы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларын оқырмандарға дәріптеу «Тағдыр» тарихи романы бойынша «Тарихты тірілткен қаламгер» тақырыбында Ю.Гагарин атындағы мектеп- лицейінің 10 «Б» сынып білім алушылары арасында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Мақсаты: «Бір ел- бір кітап» акция аясында жыл кітаптары – 2026 бойынша Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романында көтерілген ел бірлігі ұлт мүддесін, бір халықтың екі импертия арасында таласқа түсуін, автордың өмірі мен шығармашылық жолдарын көпшілікке таныстыра отырып, шығармаларына шолу жасап, осы туындыны оқуға кітапханаға шақыру.
Дөңгелек үстелді қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева кіріспе сөзбен ашып, «Қабдеш Жұмаділов – халықтың тағдырын сөзбен жеткізген жазушы» тақырыбында Қабдеш Жұмаділовтің өмірбаяны, шығармашылығымен сүбелі еңбектері баяндалды. «Өрен қаламгерлердің жауһар туындылары» бөлімде «Бір ел - бір кітап» акция тарихына шолу жасалып, 2026 жыл кітаптарының таңдауына Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалғанын айтып, кеш қонағын көпшілікке таныстырды.
Кеш қонақтары: кітапхананың зейнеткер оқырманы Мырзахметов Көпжасар, Ю.Гагарин атындағы мектеп- лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Рахметова Кенжекүл Әбдіхалыққызы қатысты.
Іс-шара барысында «Тарихтан тағылым тартқан» сұрақ - жауап бөлімінде кеш қонағы Көпжасар ақсақал «Тағдыр» романын тарқатып кеңінен баяндап беріп, жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қатылды. Оқырмандар шығарманы талдай отырып, қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдерді, ұлт болашағы үшін күрескен тұлғалардың образын саралап, өз ойларын ортаға сала отырып, жазушы мен кейіпкер арасындағы үндестікті аша түсті, өздеріне қызықты болған шығармалары жөнінде пікір таластырып ойларын білдіріп жатты. Кешті Кенжекүл Әбдіхалыққызы қорытындылады. Шараға «Халық тағдырын жырлаған жазушы» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, «Қазақ рухының қаламгері» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Іс-шараға 20 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/512-bir-el-bir-kitap-aktsiya-ayasynda-ta-dyr-tarikhi-romany-bojynsha-tarikhty-tiriltken-alamger-d-gelek-stel.html#sigFreeId800117c765



















