Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақын Шөмішбай Сариевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қос қанатты ақын – Шөмішбай Сариев» тақырыбында әдеби серуен ауыл тұрғындары арасында өтті.
Мақсаты: Ауыл тұрғындарына Шөмішбай Сариевтің өмірі мен шығармаларын таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдеби серуенді кітапханашы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып жүргізді «Траз оптока», «Бәрі бар» дүкеннің алды, «Нұр» дүкені, орталық алаң және Абай көшелерінің ауыл тұрғындарына қазақтың көрнекті ақыны, Шөмішбай Сариевтың белгілі ән мәтіндерінің авторы. Ол 1946 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Ақынның шығармалары туған жер. Отан, ана махаббат тақырыбына арналаған. Оның өлеңдері қарапайым әрі әсерлі тілмен жазып, халық жүрегінен орын алады деп айтып өтті. Ақынның «Заула, тұлпар уақыт», «Шөл даланың ұлымын..», «Тарлан» 2 томдық және «Таңдамалы» шығармаларына библографиялық шолу жасап таныстырды. Іс – шараға 20 адам қамтылды.



















