Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастьруымен «Татуласу» қоғамдастық бірлестігінің төрайымы Амирова Нұрлыгүл Сейсенбайқызымен «Татулық – берекенің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, татулық, сыйластық, кешірім ұғымдарын түсіндіру, кітапханаға келіп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Кеш қонақтары: “Татуласу” қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Амирова Нұрлыгүл Сейсенбайқызы, Жамбыл ауданы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Дайрабекова Фарида Даулбайқызы, «Отбасын қолдау орталығының» қызметкерлері
Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Нурипа Манабаева кіріспе сөзбен ашып берді. Қатысушылар «Жылы лебіз шеңбері» тренинг ойыны арқылы бір-бірімен танысты. Әр адам өз атын айтып, отбасына жақсы тілек білдіріп, жылы атмосфера құрды..
Кешіміздің қонағы Нұрлыгүл Сейсенбайқызы жастарға татулықтың мәні мен маңызы, кешірімділік, жауапкершілік, бірлік туралы кеңінен айтып, қаншама отбасына ажырастырмаудың жолын тауып, отбасын сақтап қалуға көмек бергені туралы айтты.
Жамбыл ауданы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Дайрабекова Фарида Даулбайқызы отбасымен кәсіпті бірге алып жүрудің қыр-сырымен бөлісті.
«Отбасын қолдау орталығының» психологы Калиева Динара Сабыржанқызы зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын отбасыларға қолдау көрсететіні туралы, тәрбие отбасынан басталатынын айтып, бірлікке татулыққа шақырды. Қатысушылар уақыттарын пайдаланып, М.Мақатаевтың, К.Ахметованың жырларын оқыды.



















