Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

4 маусым – Рәміздер күніне орай «Ел нышаны – Рәміздер»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Ел нышаны – Рәміздер» тақырыбында тақырыпты кеш кітапхана оқырмандары арасында өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жан – жақты түсіндіру арқылы жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.
Кешті кітапханашы А.Құрымбаева кіріспе сөз сөйлеп, кешті ашып берді. Тақырыптық кешке «Тарихы терең төлтаңбам» бөлімінде Ту, Елтаңба, Әнұран тарихынан сыр шертіп, мағлұматтармен көпшілікті таныстырды.
Отанның өзі рәміздерден бастау алады – деп рәміздердің авторларына кітапханашылар А.Құрымбаева жеке – жеке тоқталып өтті.
Іс – шара барысында «Ту, Елтаңба, Әнұран – тәуелсіздігінің белесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы таныстырып, шолу жасап, бейбітшілік сүйген, достықты қалаған, өзіндік Елтаңбасы бар еліміздің халқы дін аман тұрғанда Көк байрағымыз көкте көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады – деп кешті қорытындылады.