Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Жергілікті ақын-жазушы Байтанағали Төлентаевпен «Ұрпағына асыл мұра қалдыруда» тақырыбында сұхбат кеші

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазушыме бір күн» облыстық жоба аясында жергілікті ақын Байтанағали Төлентаевпен «Ұрпағына асыл мұра қалдыруда» тақырыбында сұхбат кеші жастар арасында өтті.
Мақсаты: Жастарды Байтанағали Төлентаевтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Іс-шара Жамбыл аудандық мәдениет үйінің әншісі Қалтешов Жақсылықтың орындауында Ж.Жабаевтың «Менің пірім сүйінбай» күйімен ашылды. Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қуанышқызы жүргізіп отырды.
Кеш қонақтары: Күзербаев Сәрсен, Байсүгіров Төлеген, Махамбетқұлов Сансызбай, Отарбаев Қайрат, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Байдалиев Асқар, аудандық аналар алқасының төрайымы Бектембаева Гүлмира, «Шұғыла – Радуга» газетінің тілшісі Қалыбек Ілияс қатысты.
Ақын мен оқырманның арасын жалғаған әсерлі әңгімеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жастар қатысып, автордың туындыларымен танысып, шығармашылығы жайында ой қозғап, пікір алмасты. Кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығына арналған арнайы «Өмірі өлеңмен өрілген» кітап көрмесін дайындап, автор туралы мол мәлімет ұсынды. Ақынның өмірбаянымен, шығармаларын Л.Есмурзаева таныстырып өтті.
Кеш барысында Бірлесу-Еңбек орта мектебінің 7- сынып білім алушысы Бағызбай Аягөз «Кейде адамдар», 8- снып білім алушысы Бақтыбек Айару «Шахмат ойындары», Юрий Гагарин мектеп-лицейінің 3-сынып білім алушысы Азаматұлы Даниял «Достық», Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі ақынның «Әпкем Запираға» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Еркін әңгімелесіп, сұхбат ретінде ұйымдастырылған кеште ақын оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, әсіресе «Шахмат сыры», «Боран», «Тараз көктемі», «Шахаматшы қонжық» атты кітаптарына жеке-жеке тоқталып, шахмат туралы көптеген сырларымен бөлісіп, жастарға ақ тілегін жаудырды. Кеш соңында Аида Қуанышқызы ақынға алғысын білдіріп, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс тіледі .
Қатысқан адам саны: 45 адам қатысты.