Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

23 – сәуір Ұлттық кітап күні. Кітапхана түні

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 – сәуір Ұлттық кітап күніне ұйымдастырылған кітапхана түні – кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында ұйымдастырылатын ерекше мәдени іс – шара мәдениет- демалыс кешенінде ашық аспан астында кітапхана оқырмандары және ауыл тұрғындары арасында өтті.
Мақсаты: Ауыл жұртшылығын кітап құмарлыққа баулу, оқуды дәріптеу, ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу, кітапханамен қоғамның арасындағы байланысты нығайту.
Кітапхана түнін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева жүргізіп, кіріспе сөзбен ашып, іс – шара бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері аудан тұрғындарына құшағын кеңінен ашып, түн ортасына дейін караоке, музыкалық әуендер, логикалық сұрақтар, эстафеталық ойындар жасанды интеллект арқылы мақал – мәтелдер, жұмбақтар ойнатылып оқырмандарды қызықты да тылсым әлеміне тартты. Кітапхана өзінің сүйікті түнгі оқырмандарына дәруменді жақсы көңіл-күй, және тез меңгеретін пайдалы білім көздерін ұсынды. Іс- шараға белсене қатысқан оқырмандарға ынталандыру сыйлықтары берілді. Ел ертеңі болып, халықты ізгілік пен мейірімге, даналыққа шақыратын жастар кітапханадан тамаша шығармашылық-демалыс аумағын көріп, қазіргі заманауи кітапхана – тек кітап қоймасы ғана емес, нағыз білім беру және ойын-сауық орталықтары екеніне тағы да көз жеткізді. Іс – шараға 105 адам қамтылды.