Аудандық орталық кітапхананың үйымдастыруымен Кітапханашылар күні аясында Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, Қазақтың ардақты аналарының бірі Дәулетова Назира Қожахметқызы 100 жасқа толуына орай «Кітапханашы - мәртебелі мамандық» атты дөңгелек үстел кітапхана қызметкерлері арасында өтті.
Мақсаты: Назира Қожахметқызының білім мен тәрбие саласындағы еңбегін насихаттау, оның ұлағатты ұстаз, білікті маман ретіндегі тұлғалық қасиеттерін таныту. Сонымен қатар, оның еңбегі арқылы білімнің маңызын түсіндіру және өскелең ұрпақты ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс - шара барысында оқу залының кітапханашысы кіріспе сөз арқылы ашып, Назира Қожахметқызының өмір жолы, еңбегі мен жетістіктеріне тоқталып өтті. Үміт Битенованың «Кітапханашы» өлеңін аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Хожамқұлова Замира оқып берді.
Кешке кітапхана ардагерлері - Мақұлбекова Дәметкен Момынқұлқызы, Саттарқұлова Зәуреш, Ойықбаева Әсия Абдуллақызы қатысып, кітапхана саласына келген күннен бастап атқарған жұмыстары, мамандықтарын мақтан тұтатындықтарын, еңбек жолының қызығы мен қиындығы туралы естеліктерімен бөлісті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/522-kitapkhana-lem-zhadyny-shyra-shysy-atty-d-gelek-stel.html#sigFreeId7d76f2f535



















