Аудандық орталық кітапханасының «Шуақты шаңырақ» жобасы аясында «Сағындырған ескі әндер» karaoke ауыл тұрғындары арасында өтті.
Мақсаты: Әнсүйер аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту, музыка арқылы рухани байыту, жалпы ән әлеміне саяхат жасау,сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өнерге біртабан жақындату.
Іс - шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева «Сазды әуен» тақырыбында кіріспе сөзбен ашты.
Karaokeнің негізгі бөлімі «Ән - көңілдің ажары» деп аталып, жиналған қауым ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасап, Шәмшінің әндерінен «Ана туралы жыр», «Өмір өзен», «Кешікпей келем деп ең» және Әсет Бейсеуовтің «Мұңайма» және «Әке туралы жыр», М.Шаханов пен Н.Тілендиевтің «Куә бол» тағы сол сияқты әндерді караоке арқылы орындалды. Тағылымы мол кеште ашық аспан астында әндер шырқалды.
Іс - шараға арнайы жасақталған «Саз әлемі» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, қойылған әдебиеттер толық қаралып, шолу жасалды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/523-sa-yndyr-an-eski-nder-karaoke.html#sigFreeId1755739ce6



















