23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай «Жамбыл - қаламгерлер мекені» кітап тұсаукесері өтті.
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз деген болатын. Қазақ әдебиетінің алтын бесігі Жамбыл ауданы - талай дара таланттарды дүниеге әкелген киелі мекен. Жергілікті қаламгерлердің шығармаларын бір кітапқа топтастыру бастамасын көтеріп, жинақтың жарық көруіне басшылық жасаған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлына алғашқы құттықтау сөз берілді. Кітапханашылар күніне орай кітапхана қызметкерлері мен кітапхананың белсенді оқырмандары марапатталды. Кітапханада өткен мәдени іс - шараларға белсене атсалысқаны үшін Әуелбаев Әлдибай, Күзербаев Сәрсен, Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы, Кушеков Талант Амантайұлы, Сертеков Бернар Ералыұлы, Боранбаева Гүлмира Маликқызы ортаға шақырамыз! Сонымен қатар, кітапхана жұмысына меморандуммен және серіктес жоспармен тығыз қарым - қатынаста бірлесе белсенділік танытып келе жатқан ауданымыздың бірқатар мекемелерді ортаға шақырып алғысымызды білдіреміз. Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназия, №1 орта мектеп, Ю.Гагарин атындағы мектеп - лицей, Рахат бастауыш мектебі, «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ филиалы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Жамбыл - қаламгерлер мекені» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесер рәсіміне аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және кеш қонақтары Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облысы бойынша төрағасы Миллионов Жаңабай, Қоғамдық кеңестің төрағасы Бегалиев Рүстем Әлішұлы ортаға шығып, кітаптың тұсауы кесілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/525-zhambyl-alamgerler-mekeni-audan-alamgerlerini-zha-a-zhina-y-zhary-k-rdi.html#sigFreeId04ed546046



















