Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Өзекті өртер шындық» тарихи кеш

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында №1 орта мектебінің 8 сынып оқушыларының арасында тарихи кеш өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.
Тағлымы мол кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева кешті ашып, іс-шараға арнайы шақырылған қонақтарды көпшілікке таныстырды. Кеш қонақтары: «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасы Әбдібеков Талап Нышанбекұлы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Шыныбекова Индира Жақсылықбайқызы, № 1 орта мектеп тәлімгері Мырзахан Үміт, қосымша білім беру мұғалімі Әшірбек Гүлмира Жеңісқызы, психологы Рахымбекова Айтолқын Берлібекқызы қатысты.
Кеште «Тарихтан табан тірері-ақиқат» тақырыбында кітапханашы тарих беттерінне шолу жасай отырып,баяндама жасап, 1 минуттық үнсіздік сақталды. Тарихи кеште «Саяси –қуғын-сүргін құрбандары халық жадында» видео көрсетіліп, «Сол бір ауыр жылдар» бөлімімен жалғасын тауып, сол бір нәубат жылдарда қара халықтың басынан өткен ауыр жағдайларға сипаттама беріп толық ақпарат берілді.
Тағылымы мол кешке арнайы ұйымдастырылған «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесімен қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева шолу жасап таныстырды. Сонымен қатар, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыпта слайд көпшілік назарына ұсынылды.