Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітапхана лидері» жобасы аясында «Бәкір Тәжібаев – сыршыл ақын» интеллектуалдық сайыс

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана лидері» жобасы аясында ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бәкір Тәжібаев – сыршыл ақын» тақырыбында интеллектуалдық сайыс жастардың қатысуымен өтті.
Жобаның мақсаты: жастарды кітап оқуға тарту арқылы тұлғалық танымын және білім деңгейін көтеру, кітапхананың лидер оқырмандарын тауып, оларды марапаттап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері: Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Сүлейменова Гүлбағира, Ащыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, ақын Әсель Назаралы, жастар ресурстық орталығының жас маманы Садырбаева Пернегүл және сайыста бақ сынайтын үміткерлер: Шоқай ауылдық кітапханасының кітапханашысы - Каманова Эльвира, Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы -Туленова Жанат, Құмтиын ауылдық кітапханасының кітапханашысы - Мамбеталиева Эдиса, Шәкен Ниязбеков ауылдық кітапханасының кітапханашысы -Медетова Жазираны таныстырды.
Сайыс төрт бөлімнен тұрды.
I – «Бәйге»
ІІ – «Жорға»
IIІ – «Дода»
IV – «Әнді тап»
«Бәйге» кезеңі бойынша қатысушыларға логикалық сұрақтар қойылып, әр дұрыс жауап бір ұпай санымен есептелді.
«Жорға» кезеңі ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналды. Әр қатысушыға «Ғажайып дөңгелек» таңдау арқылы ақынның өмірі мен шығармасына байланысты төрт сұрақтан берілді, бірінші кезең балымен қоса есептегенде, аз ұпай жинаған Жанат келесі кезеңге өте алмады.
«Дода» кезеңі бойынша лед эрандағы сұрақты таңдай отырып, ең төменгі ұпай жинаған Эльвира ойыннан шығып қалды.
«Әнді тап» кезеңінде Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған әндердің әуендері жасырылып, Жазира мен Эдиса додаға түсті. Эдиса төрт кезең бойынша жоғары ұпай жинап алға шықты.
Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ұпайын есептеп, жариялап, жылдамдық пен білімділігін көрсеткен Мамбеталиева Эдиса жеңімпаз атанды. Жеңімпазға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.