Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ұлы рухы-өлеңде» тақырыбында поэзия кеші

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жас қаламгерлер» жобасы аясында Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке 90 жас толуына орай «Ұлы рухы-өлеңде» тақырыбында поэзия кеш №1 орта мектептің 8 сынып білім алушылар және «Жас қаламгерлер» жобасының мүшелері арасында ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру және поэзиясын кеңінен насихаттау, оның өлеңдері арқылы оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық рух пен патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Іс – шараны кіріспе сөз арқылы ашып, ақынның қазақ халқының рухани мұрасын әлемге танытқан қаламгердің еңбегі зор құрметке ие. Оның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады және ұлт мақтанышы, әдебиетпен қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға. Оның есімі қазақ тарихында мәңгі сақталады деп айтып өтті. Сонымен қатар ақынның өлеңдерін Әлихан Ернұр «Адамға табын жел еді», Әбдісаттар Мирас «Қасқырдың күшіктері», Абдрахманұлы Арнас «Айналайын», Әминә Сансызбай «Жұлдыз», Еркеназ Сәрсенбай «Батпақ дала», Шапағат Райс «Адамға табын жел еді», Айсұлтан Ғалымұлы «Үзінді», Айнабек Аназ «Сегіз ойлы», Жамбыл Қарақат «Мүйіз» алушылары мәнерлеп оқып берді. Кеш соңында «Дала үні – Олжас жыры» тақырыбында кітап көрмесін кітапханашы А.Құрымбаева библиграфиялық шолу жасады.