Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Тұрсынхан Мүсірәлиев туғанына 90 жыл толуына орай «Есімін ел ардақтаған тұлға» атты тақырыпты кеш

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Тұрсынхан Мүсірәлиев туғанына 90 жыл толуына орай «Есімін ел ардақтаған тұлға» атты тақырыпты кеш өтті.

Зиялы қауым өкілдері қатысқан рухани шараның мақсаты – елге еңбегі сіңген азаматтың өнегелі өмір жолын насихаттау, жас ұрпақты елжандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және тұлғаның қоғамдық қызметі мен адамгершілік қасиеттерін дәріптеу болды.

Кешті аудандық орталық кітапхананың оқу залының кітапханашысы Нурипа Манабаева ашып, жиналған қонақтарды таныстырды.

Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Уәлиұлы Сырлыбаев, ардагерлер кеңесінің мүшелері Сарсен Күзербаев, Қуатов Ералы,Сыдықов Ахан, аудандық билер алқасының төрағасы Батыр Саршаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Бектембаева, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бертай Сансызбайұлы, жергілікті қаламгер Пірімқұлов Сембек, аудандық архив директоры Келсінай Күлекеева, Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы (агроном) Әбдіков Аманшелді Есжанұлы және Тастемиров Бақытжан Жарқынбекұлы қатысты.

Кеш барысында аудандық кітапхананың библиографы Ақерке Мамашариева Тұрсынхан Мүсірәлиевтің өмір жолы мен қоғамдық қызметіне кеңінен тоқталып, мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде тұлғаның ел дамуына қосқан үлесі мен өнегелі ғұмырын ерекше атап өтті.

Шараға келген қонақтар қоғам қайраткері туралы естеліктерімен бөлісіп, оның адами болмысы, азаматтық келбеті мен ел игілігі жолындағы еңбегі жайында жүрекжарды пікірлерін білдірді. Кеш барысында айтылған тағылымды ойлар мен жылы лебіздер жас ұрпаққа үлкен рухани әсер сыйлады.

Кеш соңында ұйымдастырушылар арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, осындай тәрбиелік мәні зор рухани шаралардың кейінгі буын тәрбиесінде маңызы ерекше екенін атап өтті. Тағылымға толы тақырыпты кеш көпшілік көңілінен шығып, мазмұнды әрі әсерлі деңгейде өтті.