Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Қазақ музыка өнерінің гималайы- Ахмет Жұбанов» тақырыпты кеш

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, тарихшы, Қазақстан халқының әртісі Ахмет Жұбанов 120 жыл «Қазақ музыка өнерінің гималайы- Ахмет Жұбанов» тақырыпты кеш Юрий Гагарин мектеп-лицейінің 9-сынып білім алушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: Жастарға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ музыка өнеріне қосқан үлесін дәріптеу. Кеш барысында кітапханашы Ахмет Жұбановтың өмірбаянымен кеңінен таныстырып, оның ғылым мен өнер саласындағы еңбектері туралы мазмұнды мәліметтер берді. Әсіресе, қазақтың дәстүрлі музыкасын зерттеп, оны кәсіби деңгейге көтерудегі рөлі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Құрманғазы Сағырбайұлы сынды халық композиторларының шығармаларын терең зерттегені, оның күйлеріне түсініктеме бере отырып толықтырулар енгізгені туралы айтылды. Кеш соңында ұйымдастырушылар Ахмет Жұбановтың қазақ өнеріндегі орны айрықша екенін атап өтіп, мұндай тағылымды шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екенін жеткізді.