Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Жылдың үздік кітапханашысы» – «Жыл маманы–2026»

«Жылдың үздік кітапханашысы» – «Жыл маманы–2026» облыстық байқауында мамашариева ақерке жүлделі II орын иегері атанды.

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және кітапхана саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жыл маманы – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқауға облыстың әр ауданынан келген 35 жасқа дейінгі 8 кітапхана маманы қатысып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін үш кезең бойынша сынға салды. Қатысушылар «Заманауи кітапханашы» кәсіби таныстырылымы, «Цифрлы кітапхана» виртуалды кітап көрмесі және «Шығармашылық шабыт» мәдени-ағартушылық жобасы номинациялары бойынша бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша ІІ орынды Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Ақерке Мамашариева иеленді.
Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметіңізде толағай табыстар, жаңа жобалар мен биік белестер тілейміз! Алдағы уақытта да жетістіктеріңіз еселеніп, мерейіңіз үстем болсын!
Жеңісіңіз құтты болсын! Жаңа жетістіктерге жете беріңіз!