Ауданда «Тіл арқылы – бірлікке, мәдениет арқылы – дамуға» атты тіл фестивалі өтті. Тағылымы мол шара аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тіл – бірлік тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Кітапханашылар тіл білімінің қыр-сырын ашатын, сөз құдіретін танытатын әдебиеттерді, сондай-ақ жергілікті ақын-жазушылардың көркем шығармаларын облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға, аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбековаға, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Рүстем Бегалиевке, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаевқа, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібековке, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаевқа, сондай-ақ этнос өкілдері мен аудан тұрғындарына таныстырды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/545-til-birlik-tiregi-kitap-k-rmesi.html#sigFreeId54a71d4551



















