Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Әлем таныған Балуан- Жақсылық Үшкемпіров» дәріптеу кеші

       Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен   кітапхана жанында орналасқан спорт кешенінде Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке 75 жыл толуына орай «Әлем таныған Балуан- Жақсылық Үшкемпіров» тақырыбында  дәріптеу кеші жас спортшылар арасында өтті.

    Мақсаты: Жастарға  қазақтың даңқты палуанының өмірі мен жетістіктерін таныстыру, спортқа қызығушылықты арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

    Дәріптеу кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева жүргізді.  Қазақ халқының мақтанышы, дара тұлға Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолымен таныстырып,  оның қарапайым ауылдан шығып, әлемдік биікке көтерілуі — әрқайсымызға үлкен үлгі, ол тек Олимпиада чемпионы ғана емес, еңбек қорлықтың, табандылықтың және отансүйгіштіктің символы. Өзінің қайсар мінезі мен тынымсыз еңбегінің арқасында ел абыройын асқақтатты.  Арманға жету үшін еңбек ету керек, ал жеңіске жету үшін жүректе намыс болуы қажет.    Осындай ұлы тұлғалардың жолын үлгі етіп, болашаққа нық қадам жасайық – деп айтып өтті.  Сонмен қатар Ж.Үшкемпірвке арналған сұрақтар қойылып, балалар белсене жауап берді.  Кеш соңында «Спорт – біздің  серігіміз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып  кітапханашы Қ.Асхатаева библиографиялық шолу жасады.