Әке өнегесі – ұрпаққа аманат
Жуырда Әкелер күніне орай аудандық кітапханада Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» мен аудандық Ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен тағылымы мол кездесу өтті.
Шараның басты мақсаты – әкенің отбасындағы беделі мен жауапкершілігін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру.
Іс-шараны кітапханашы Ақдана Құрымбаева жүргізді. Кездесуге облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Ильясов, облыстық ардагерлер кеңесінің бас маманы Байқадам Жуасбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, ардагерлер Сансызбай Махамбетқұлов, Сәрсембай Күзербаев, Сембек Пірімқұлов, аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Бақытжан Кикбаев және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Тренингті Жамбыл аудандық Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Динара Калиева жүргізіп, қатысушылармен әкенің отбасы тәрбиесіндегі рөлі, бала алдындағы жауапкершілігі және отбасы құндылықтарын нығайтудың маңызы жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында ақсақалдар әкенің отбасы мен қоғамдағы орны, ұлттық тәрбие, ұрпақ сабақтастығы мен отбасылық құндылықтар туралы тағылымды ой-пікірлерін ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Эльвира Көшкінбаева,
Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/549-ke-negesi-rpa-a-amanat.html#sigFreeId4fe8961926



















