Аудандық орталық кітапхана әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект – кітапхана саласында» тақырыбында семинар- практикумы өтті.
Мақсаты: Кітапхана жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстыру, жаңа технологияларды тиімді қолдануға бағыт беру, кітапханашылардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Семинар Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің кеңесші-психологы Қайсарова Әсел Маратқызы кітапханашылармен қарым-қатынасқа байланысты жүргізген психологиялық тренингпен басталды.
Іс- шара барысында аудандық орталық кітапхананың әдіскері Г.Сулейменова кіріспе сөзбен ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жария¬лауы еліміздің инно¬вବ¬циялық даму бағытын айқын¬дап қана қоймай, кітапханалардың жұмысын жаңа деңгейге көте¬рудің стратегиялық негізін қалыптастырды. Сондай-ақ Президенттің «Кітап оқу мәд嬬ние¬тін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі ша¬ра¬лар туралы» Жарлығы оқу мәде¬ниетін нығайтуға, кітапха¬нବлардың қоғам¬дағы рөлін арт¬тыруға және интеллектуалды ұлт қалыптастыруға ба¬ғыт¬талған маңызды мемлекеттік құ¬жат ретінде қабылданғанын айтып өтті.
Іс-шарада қатысушылар жасанды интеллекттің даму тарихы, кітапхана саласындағы орны, артықшылықтары мен қолдану бағыттары туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлеріне мәтін жазу, іс-шара сценарийлерін әзірлеу, хабарландырулар мен әлеуметтік желілерге арналған посттар дайындау, презентациялар құрастыру, сурет пен бейнематериал жасау, ақпаратты өңдеу және аудару сияқты жұмыстарда жасанды интеллект платформаларын пайдалану тәсілдері тәжірибелік тұрғыда көрсетілді. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар жасанды интеллект құралдары арқылы кітап көрмелерінің атауларын әзірледі, іс-шаралардың сценарийлерін дайындады, мерекелік құттықтау мәтіндерін және кітапхана жұмысына қажетті ақпараттық өнімдерді жасады. Сонымен қатар тиімді сұраныс (Prompt) құру әдістері түсіндіріліп, нақты тапсырмалар орындалды. Қатысушылар семинар барысында алған білімдері мен тәжірибелерінің кітапхана жұмысын жаңғыртуға, оқырмандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға зор мүмкіндік беретінін атап пікір алмасты.
Нәтижесінде 25 адам қатысты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/556-zhasandy-intellekt-kitapkhana-salasynda-seminar-praktikum.html#sigFreeIde11242f376



















