Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқы Like» жобасы аясында «Ойды өзгертетін кітаптар» тақырыбында подкаст кітапхана оқырмандарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқылған шығарма бойынша өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Кеш қонақтары: Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұржан Әліш Науатбекұлы, Отбасы қолдау орталығының психолог маманы Калиева Динара, Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы» психолог маманы Оразымбетова Жансая Қайратқызы кітапхананың жас оқырманы Реймбай Жібек және кітапхана оқырмандары қатысты.
Подкасты қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева жүргізді. Іс-шара барысында оқырмандар өздері оқыған кітаптары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік мәнін талқылады. Сонымен қатар, өздеріне ерекше әсер қалдырған кітаптарды өзгелерге оқуға ұсынып, кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Кеш соңында «Жақсы кітап – жан азығы» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына әртүрлі жанрдағы құнды әдебиеттер ұсынылды.
Іс-шара оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.



















