Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Шуақты шаңырақ» жоба аясында «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» тақырыбында оқырманмен сырласу кеші

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен оқитын ұлт жобасы барысында «Шуақты шаңырақ» жоба аясында «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» тақырыбында оқырманмен сырласу кеші өтті.

Мақсаты: Көпшілікке рухани тәлім - тәрбие беру. Тұрғындарды жаппай кітап оқуға шақыру, кітаптың мәртебесін көтеру, белсенді оқырман санын көбейту, қатысушылар бос уақытын пайдалы өткізіп, кітап арқылы ой бөліседі.

​Оқырманмен сырласу кешін жобаның жетекшісі Қ.Асхатаева жүргізіп, кешті кіріспе сөзбен ашты.

Кеште «Бар білім кітапта» бөлімде кітап туралы ақпарат беріліп, мәліметтер баяндалды. Көптеген берілген ақпараттардан кейін «Кітап әлеміне саяхат» бөлімінде қойылған сұраққа мардымды жауаптар қатылып, қатысушылар еркін ойларымен бөлісіп, кітап жайлы бірнеше қызықты деректер айтылды. Қатысушылар шараға белсене атсалысып отырды. Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор екені айтылып, барша адам баласына кітап оқуды соның ішінде дұрыс кітап оқуға шақырдық.

Мардымды кешке арнайы жасақталған «Қызықты кітап әлемі шақырады» тақырыптан құралған кітап көрмесіне бөлімге жаңадан түскен тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, бар.