Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Қаламгермен сұхбат» әдеби кездесу

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Қаламгермен сұхбат» әдеби кездесу жергілікті қаламгер, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Жамбыл ауданы бойынша төрағасы, Жамбыл облысының құрметті ардагері, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Сембек Шайхыұлы Пірімқұловпен өтті. Әр қаламгердің әдебиетке келу жолы әртүрлі. Бірін бала күнгі арман жетелесе, енді бірін өмірдің өзі жазуға алып келеді.

Қаламгерге қысқа сұрақтар қойылды.

1. Таңғы жазушысыз ба, түнгі жазушысыз ба?

2. Қағазға жазасыз ба, компьютерге ме?

3. Поэзия ма, проза ма?

4. Сүйікті ақыныңыз?

5. Сүйікті жазушыңыз?

6. Ең көп оқитын жанрыңыз?

7. Шабыт келгенде бірінші не істейсіз?

8. Шығармашылық жолыңыздағы ең үлкен ұстазыңыз кім?

9. Сіздің шығармашылығыңызға туған өлкеніздің әсері қандай

/Еркін, көңілді сұхбат/./Қаламгер шығармасынан үзінді оқиды./

Қазіргі жас ұрпаққа, кітап оқып жүрген жастарға және әдебиетке енді қадам басқан жас қаламгерлерге қандай тілегіңіз бар? Жауап қысқа әрі шынайылығымен мәнді болды. Оқырман мен қаламгер арасындағы рухани байланысты нығайту, жазушының шығармашылығын кеңінен насихаттау, әдебиетке қызығушылықты арттыру, кітап оқуға үндеу мақсатында өткен сұхбат өте қызықты әрі мазмұнды өтті.