Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

КІТАППЕН БІРГЕ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА!

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Зерделі Қазақстан: кітаппен бірге – жарқын болашаққа!» атты open book talk іс-шарасы өтті. Рухани-танымдық басқосуға жергілікті қаламгер, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Жамбыл ауданы бойынша төрағасы, Жамбыл облысының құрметті ардагері Сембек Пірімқұлов, аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахыт Сырлыбаев, кітапхана қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен оқырмандар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты кітаппен жақындастыру.

Жиын барысында оқырмандарға «Бір ел – бір кітап», «Ел болып оқимыз», «Жазушымен бір күн», «Жергілікті ақын-жазушылар», «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмелері таныстырылып, жергілікті қаламгер Сембек Пірімқұловпен «Қаламгермен сұхбат» алаңы ұйымдастырылды. Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалды ойыны, балалар мен жастарға арналған «Book Quiz», «BookTime» әдеби ойын алаңдары өтіп, қатысушылар білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Бұдан бөлек, «Тактильді кітаптар» көрмесі, «Book Creativity – Book Installation» кітап инсталляциялары және «Кітаппен селфи» интерактивті бұрышы көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара аясында «Ардагер ұсынған кітап» акциясы да жалғасын тауып, ардагерлер өздері оқып, көңіліне жақын болған кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты. Бұл бастама аға буынның оқырмандық тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсті. Мерекелік бағдарлама барысында кітапхана қызметкерлерінің флешмобы ұйымдастырылып, әсем әндер шырқалды, белсенді қатысушылар мен әдебиетке үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.