Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Білікті маман – жарқын болашақ» кездесу кеші

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №1 мектеп-гимназиясының 10 «Ә» сынып білім алушыларының қатысуымен «Білікті маман – жарқын болашақ» кездесу кеші өтті.

Мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру, әртүрлі кәсіп иелерімен таныстыру, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру және болашақ кәсіби таңдауларына бағыт-бағдар беру.

Кездесу барысында библиограф А. Мамашариева оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтып, кәсіби бағыт-бағдар берді. Түрлі сала мамандары өз мамандықтарының ерекшеліктері, атқаратын қызметтері мен кәсіби міндеттері туралы ақпарат берді.

Кеш қонақтары:

  1. Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Береке Нәсіпбекұлы;

  2. Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Аса ауылы №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Ертаев Рустам Ерікұлы;

  3. Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ринат Естебесұлы;

  4. Жамбыл ауданының ветеринариялық бөлімінің бас маманы Тубаева Асел Ерғалиқызы;

  5. Отбасын қолдау орталығының заңгері Тәжібаев Мәди Хыдырбайұлы;

  6. Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Шалабай Айжан Дүйсенбекқызы.

Іс-шарада Береке Нәсіпбекұлы – кәсіпкерлік саласы мен кәсіп бастау жолдары туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ертаев Рустам Ерікұлы – өрт сөндіруші мамандығының жауапкершілігі мен қызмет ерекшеліктерін таныстырды. Ринат Естебесұлы – спорт саласындағы мамандықтар мен спорттағы табандылықтың маңызына тоқталды. Тубаева Асел Ерғалиқызы – ветеринар мамандығының ерекшеліктері мен жануарларға қамқорлық жасау туралы айтты. Тәжібаев Мәди Хыдырбайұлы – заңгер мамандығы және құқықтық сауаттылық туралы ақпарат берсе, Шалабай Айжан Дүйсенбекқызы – психолог мамандығының ерекшеліктері мен адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз мамандықтарын таңдауға не себеп болғаны және жұмыстағы жауапкершілік туралы ойларымен бөлісті.

Іс-шараның қызықты бөлімінде оқушылар 4 топқа бөлініп, үстел үстіндегі QR-кодтар арқылы өздеріне берілген мамандықтар туралы ақпаратпен танысты.

Сонымен қатар, «Мамандықты тап!» ойыны ұйымдастырылып, оқушылар пазл құрастырып, шыққан сурет бойынша өз топтарының мамандығын таныстырды. Ойын әрі қарай «Мамандықты мимикамен тап!» кезеңімен жалғасты.

Кеш барысында «Білікті маман- ел болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиогарфиялық шолу жасалып, «Мамандықтар әлеміне саяхат» оқырмандар назарына слайд ұсынылды.

Іс-шара соңында арнайы шақырылған мамандарға алғыс білдіріліп, еңбектеріне табыс пен қызметтеріне сәттілік тіледі. Кездесу кеші мазмұнды өтіп, оқушылардың түрлі мамандықтар туралы білімін кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауларына бағыт-бағдар берді.