Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Белгілі қаламгер Роза Мұқанова аудандық кітапханаға келді

Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, драматург, сценарист әрі қоғам қайраткері Роза Мұханова аудандық кітапханаға арнайы келді. Мәртебелі қонақты облыстық мәслихаттың хатшысы Абдалы Нұралиев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қарсы алды.

Кездесу барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева кітапхананың тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Руханият ошағының жұмысына оң бағасын берген қаламгерлер кітапхана ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Кездесу соңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қадірлі қонақ Роза Мұхановаға құрмет көрсетіп, арнайы дайындалған “Жамбыл - қаламгерлер мекені” атты кітабын тарту етті. Бұл басқосу өңірдің рухани өміріндегі айтулы оқиғаға айналып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.