Аса ауылында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ауыл мәдениеті мен өнерін дәріптеуді мақсат еткен ауылдық округтер арасындағы «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті.
Мерекелік шара аясында мәдени демалыс кешені алаңында Аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері ауыл тұрғындарына "Кітап оқитын ұлт" марафоны аясында «Кітап әлемінің жаңа тынысы» тақырыбында ақпараттық жарнама парақшаларын таратып, кітап оқуды насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мерекелік шара аясында Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері де рухани қазынамызды насихаттап, көпшілік назарына «Салт-дәстүр – алтын қазынам», «Жергілікті қаламгерлер», «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің мұраты», «Желтоқсан қаһармандары – ел мақтанышы» атты тақырыптық кітап көрмелерін ұсынды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/575-kitap-lemini-zha-a-tynysy-a-paratty-zharnama.html#sigFreeId89339faf37



















