Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітапхана – жарқын идеялар әлемі» аудандық семинар-практикум  

 Кітапхана қызметінің заманауи бағыттарын насихаттау, кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және оқырман тартудың тың әдіс-тәсілдерін меңгеру мақсатында “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында «Кітапхана – жарқын идеялар әлемі» атты аудандық семинар-практикум өтті.

Семинарға аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашылары, әдіскерлер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шараның ашылу салтанатында жүргізушілер кітапхананың қоғамдағы маңызына тоқталып, кітап – рухани қазына, ал кітапхана – білім мен ізденістің ордасы екенін атап өтті.

Семинардың алғашқы бөлімінде Гродеково ауылдық кітапханасының меңгерушісі Татьяна Николаевна «Кітапханалардағы жасанды интеллекттің рөлі мен маңызы» тақырыбында таныстырылым жасап, заманауи технологияларды кітапхана жұмысына енгізудің мүмкіндіктерімен бөлісті. Қатысушылар арнайы нөмірлер арқылы «Интеллект», «Креатив» және «Жасампаз» атты үш топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті.

Семинар барысында бірнеше қызықты бөлімдер ұйымдастырылды: