Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Әкім Тарази «Қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдеби портрет Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназияның 8 сынып білім алушылар арасында ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әкім Таразидің өмірі мен шығармашылығын оқырманға таныстыру, жазушының әдеби мұрасын насихаттау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Құрымбаева «Қазақ сөзінің зергері — Әкім Тарази» тақырыбында жазушының өмірбаянына, шығармашылық жолына және қазақ әдебиеті мен кино өнеріне қосқан үлесіне тоқталды. Сонымен қатар қаламгердің көрнекті шығармалары таныстырылып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы мағлұмат берілді.
Кездесу барысында оқушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алып, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармаларын оқудың маңыздылығын түсінді. Әдеби портрет жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге бағытталды. Кеш соңында «Әкім Тарази — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» атты ашық қарау оқырмандарға ұсынылды. Осындай іс-шаралар арқылы кітапхана оқырмандарға рухани тәрбие беріп, көрнекті қаламгерлердің әдеби мұрасын насихаттауға және «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыруға өз үлесін қосты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/577-kim-tarazi-aza-debietini-tarlany-debi-portret.html#sigFreeId9bfdfadc19



















