Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Оралхан Бөкейдің «Кербұғы мұңы» шығармасына арналған әдеби аялдама

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің «Кербұғы мұңы» шығармасына арналған әдеби аялдама ұйымдастырылды.

Мақсаты – ауыл тұрғындарын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен кеңінен таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

Әдеби аялдама барысында кітапхана қызметкері А. Мамашариева Аса ауылының тұрғындарына Оралхан Бөкейдің сыршыл да терең философиялық ойға құрылған «Кербұғы мұңы» шығармасының мазмұны мен көркемдік ерекшелігін таныстырып өтті. Жазушының табиғат пен адам болмысын терең бейнелеген туындысы арқылы ауыл тұрғындарын шығарманың тереңіне бойлап, оның астарлы мағынасын түсінуге шақырды.

Сонымен қатар, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдеби жем» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында ауыл тұрғындары сұрақтарға белсенді жауап беріп, Оралхан Бөкей шығармашылығына қатысты білімдерін ортаға салды. Тапқырлық танытқан қатысушыларға тәтті чупа-чупстар сыйға тартылды.

Ойын қатысушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, жазушы мұрасын тануға деген ынтасын одан әрі жандандыра түсті.