Аудандық орталық кітапхана мен аудандық аурухана бірлесе «Шуақты шаңырақ» жоба аясында «Бақытың да, байлығың да - Денсаулық» тақырыбында егде жастағы тұлғалар мен ауыл тұрғындарының қатысуымен жаттығу жасау, кеңестер беру кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайтуға, дене белсенділігін арттыру, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, өзара қарым-қатынасын жақсарту және пайдалы ақпаратпен бөлісіп, қозғалу қабілеттерін сақтау, кеңестер беру.
Дене тәрбиесіне байланысты кешті «Шуақты шаңырақ» жобасын жетекшісі кітапханашы Құралай Асхатаева кіріспе сөзбен ашып, «Денсаулық – өмір айнасы» тақырыбында баяндама жасап, кеш қонақтарын таныстырды. Жаттығу жасатуға арнайы мамандар жұмылдырылды.
Кеш қонақтары: Аудандық емхананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің» мейірбикесі Ділдабекова Ғазиза Шәйділдақызы, Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының мейірбикесі Керимкулова Динара Рақымбекқызы және нұсқаушысы Тілектес Дәукен Дұқтарұлы қатысты.
Негізгі бөлімде «Денсаулық – өмірдің басты құндылығы» тақырыбында емдік дене шынықтырудың адам өміріне тигізер пайдасы жайында мамандар айта отырып, «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбында егде жастағыларға арналған жаттығудың бірнеше түрін Дәукен Дұқтарұлы көрсете отырып, қатысушылармен біріге жасады.
Іс-шараға «Ең үлкен байлық - денсаулық» тақырыбында кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, кітапхана оқырмандары көрмеге шолу барысында кітапхана қорындағы денсаулық, экология, салауатты өмір салтына бағытталған кітаптармен танысты. Көрмеге салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытындағы кітаптар қойылып, толық қаралды. Сонымен қатар, кітапханаға жаңадан келіп түскен «Жаныңызға серік болар жаңа туындылар» тақырыбында жарнамалық парақшалар таратылды. Нәтижесінде: Мейірбикелер Ғазиза Шәйділдақызы мен Динара Рақымбекқызы зейнеткерлердің қан қысымдарын өлшеп, бірнеше кеңестер берді. Атап айтсақ: Ғазиза Шәйділдақызы күнделікті салауатты өмір салтын сақтанып, денені шынықтыру жаттығуларын жасау керектігін, Есепте тұрған науқастар дәрілерін уақыттылы ішіп, аурудың алдын алу керектігін тілге тиек етіп, ережелерді ұстанбаса қан диабеті, созылмалы жүрек ауруларына әкеп соқтыратынын баяндаса, Динара Рақымбекқызы диета ұстанып, тұзсыз, майсыз тамақтар тұтыну керектерін ескертті., уақыттылы дәрігерлердің қабылдауына барып, тексеріліп тұрға кеңес берді. Кеш соңына қатысушылар келесі жылдың жоспарына ақыл кеңестерін беріп, іс-шара нәтижесін түйіндей отырып алғыстарын Жұмахан ата бата берумен жеткізді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/579-shua-ty-sha-yra-zhoba-ayasynda-ba-yty-da-bajly-y-da-densauly-zhatty-u-zhasau-ke-ester-beru-keshi.html#sigFreeId6edbf5398a



















