Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жанарым менің – жүрегім» мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ән мен өнер арқылы қуаныштарын бөлісуге, өзара сыйластық пен жылы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік жасау.
Кешті жүргізуші А. Уркумбаева ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Алғашқы құттықтау сөз мекеме әдіскері Сүлейменова Гүлбағира Садырқызына беріліп, ол қатысушыларға ізгі тілегін арнады.
Мерекелік бағдарламада Амантай Алуа «Жаса Қазақстан» әнін орындап, кітапхана қызметкері Гүлмира Байболова әсем әндерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кішкентай оқырмандар Амангелді Раяна мен Амантай Алуа «Хас жүректе сын болмас» және испан биін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ал қонағымыз Құттыбай Шорахан домбырамен «Анаңды сүйсең менше сүй», «Әке» әндерін орындады.
Кездесу «Әуенді тап» музыкалық ойынымен жалғасып, қатысушылар таныс әндердің әуенін тауып, белсенділік танытты. Дастархан басында еркін әңгіме өрбіп, ақжарма тілектер айтылып, ән мен шаттыққа толы әсерлі сәттермен жалғасын тапты.
Кеш соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Нәтижесінде: 30 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/580-zhanarym-meni-zh-regim-merekelik-kesh.html#sigFreeId86dd436b12



















