Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғалым Әуезов Мұхтар Омарханұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Әлем әдебиетінің алыбы» атты әдеби – серуен өтті. Ауыл тұрғындарына жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру, әдеби-танымдық білімдерін дамыту, «Бір ел-бір кітап» акциясы жайлы ақпарат беру мақсатында аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Әдеби - серуен қазіргі дизайндық үлгіде безендірілген «Оқырман назарына» және «Жаңа түскен әдебиеттер» атты жарнамалық беттер шығарылып, Төлеби, Абай көшелері және Абай бойындағы Тастөбе бұрылысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева,Д.Құрымбаева ауыл тұрғындарына жарнамалық парақшалар таратып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы мағлұматтар, жазушының өмірбаяны, шығармалары жайлы ақпарат берілді.