Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Мәдени мұра – ел байлығы»

Аудандық орталық кітапхана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Мәдени мұра – ел байлығы» тақырыбында «Аса» білім беру орталығының шәкірттеріне аудандық өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырды. Саяхатта оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жастарға «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жайлы ақпараттар беріліп, «Мәдени мұра» еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған жөнінде айтылып өтті. Сонымен қатар мұражай қызметкері Индира Мыңжасарова өлкетану мұражайындағы экспонаттармен таныстырса, туған өлкеге арнайы ұйымдастырылған «Тарихы терең –мерейлі мекен» тақырыбында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева библиографиялық шолу жасап, таныстырды. Бұл саяхат салт-дәстүрге бағытталған кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері-асыл қазына» атты клуб мүшелерінің қолөнер бұйымдарынан «Қолөнер мол өнер» ашық қарауымен жалғасын тапты.