Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Өркені өскен өлке»

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру мақсатында аудандық орталық кітапханада Жамбыл ауданы: «Өркені өскен өлке» жобасы аясында Элар Сканердің тұсаукесері ауылдық кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары арасында өтті. Іс-шара ақын Айтмұхамет Исақовтың арнауымен ашылды. Аудандық орталық кітапханада ашылған ресми Сайт арқылы ақын-жазушылардың кітаптарының электрондық нұсқасын жасау үшін, жаңадан келген заманауи кітап сканері таныстырылды. «ЭЛАР ПланСкан жаңа толқындағы сканер аппаратының көмегімен ақпарат алу қолайлы болғандықтан, кітапхана алдағы уақытта да инновациялық әдістермен жұмыс жасап, оқырмандардың ой-өрістерін ақпараттармен толықтырып отырады. Тұсаукесер рәсімі жергілікті ақын жазушы Байтанағали Төлентаев және кітапханамыздың белсенді оқырманы аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уалиұлына берілді. Жергілікті ақын - жазушылардың шығармаларынан әдеби композиция Қиясбекова Құралай, Ахантаева Клара, Раджапова Нұрай, Серікбай Рамазан, А.Қалисаевалардың орындауында жалғасын тапты. Іс-шара соңында «Рухани жаңғыру- ұлттың болашағы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.