Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – дәуір айнасы» атты ақпарат күні

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – дәуір айнасы» атты ақпарат күнін аудандық жастар орталығында кең көлемде атап өтілді.

Іс – шара барысы биылғы жылғы атаулы күндерге және өз өлкеміздің гүлденуіне өз үлестерін қосқан қоғам қайраткерлері мен азаматтарымызға, өлкенің тарихын білуге шақыратын кітап көрмелері қойылып, және сала бойынша әдебиеттерге ашық қарау ұйымдастырылды.
Шақырылғандар: Зейнеткер оқырманымыз Абдимутанов Зикрия, отбасылық оқырманымыз Батырова Раушан Мақсымғалиқызы , Мемлекеттік қызметкер кітапхананың тұрақты оқырманы Ішкі саясат бөлімінің маманы Сейтжан Фатима Ердешқызы, кітапханамыздың жас оқырманы Серік Сымбат Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 2 сынып оқушысы. Б.Момышұлы атындағы 10 «Ә» сынып оқушылары Айдана Орынбасар, Саятқызы Мөлдір әсем әндерін тарту етті.
Қатысқандар «Шұғылы» - «Радуга» газеті редакциясы қызметкерлері, Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық» орталығының ұжымы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі, Жеңістің 30-жылдығы атындағы орта мектебі, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, «Аса»дайындық білім беру орталығы, Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті КММ ұжымы, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері жалпы барлығы 100 (оқырман қатысты).
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.