Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Аймақтық семинар тренинг

Аймақтық семинар – тренинг

 

2017 жылдың 9 қарашасында Жамбыл аудандық орталық кітапханада Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері арасында, аймақтық семинар - тренинг өтті.

Іс-шара барысында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ресми сайтының тұсаукесер рәсімі жасалды.

Семинар тренингке Абдинова Эльмира Елеусізқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры, Тойганбекова Шынар Малимбайқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы кафедра меңгерушісі, Джаксылыкова Үміт Сауқымбекқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының кафедрасының аға оқытушысы, Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері қатысты.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының тренерлері «Кәсіби шеберлікті шыңдау жолы» тақырыбында арнайы тренинг өткізді.