Бектөбе ауылдық мәдениет үйінің акт залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Бектөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбында рухани-танымдық кеш өтті.
Елбасының мақаласындағы «Туған жер» жобасында: «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - деген. Осы жоба аясында Бектөбе ауылының тумасы кезінде республикаға танымал «Алатау» ансамблінің аясында құрылған «Тараз триосының» әншісі болған Қалиев Берік Мақұлбекұлы, Тараз қаласындағы «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы сонымен қатар Амангелді орта мектебінің оқушысы, облыстық ақындар мүшәйрасының, ақындар айтысының жеңімпазы Нұрман Бақнұр Жасұланұлы кешіміздің қонақтары болды. Кештің бірінші бөлімінде Амангелді атындағы орта мектебінің «Тарих және құқытану» пәнінің мұғалімі Қ.Мыңболова «Бектөбе ауылының тарихы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Екінші бөлімінде кеш қонақтары қоғамның рухани жаңғыруы, қоғамдағы әрбір адамның рухани жаңғыруы, туған жер, туған жерінің тарихы, Бектөбе ауылы, Бектөбе ауылының астындағы Жувикат қаласы, Бектөбеде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары, археологиялық жұмыстардың қорытындысы, қазіргі жастар мен жасөспірімдердің кітап оқу мәселесі, кітап кез-келген адамды рухани жаңғыруға көмектесетін бірден-бір құрал деген сияқты өз ойларын ортаға салды.
Кештің екінші бөлімінде кешке келген оқушы оқырмандарды сұрақтарына кеш қонақтары жауап беруімен жалғасын тапты. Оқушылар қонақтардың жеке өмірі, еңбек жолы, Елбасының алты жобасы, алты бағыты аясында көптеген сұрақтар қойды, кеш қонақтары жастар мен жасөспірімдердің ұғымына сай етіп, тұщымды әрі мағыналы жауап беріп, барша оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кеш қонағы Амангелді орта мектебінің оқушысы айтыскер ақын Нұрман Бақнұр Жасұланының Бектөбе ауылына арнаған арнауы, ауылымыздың жас ақындары Алпысбаев Ерсұлтан, Шетбай Нұрбек, Мырзаян Ерханның туған жеріне арнаған өлеңдерін оқыды. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Бүгінгі келген жасөспірімдер мен жастарға ұмытылып кеткен қолөнерлердің түрімен таныстыру мақсатында. Қолөнер шеберлерінің көрмесі жасалды, көрмемен Бектөбе ауылдық мәдениет үйінің «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі А.Стамкулова таныстырды. «Рухани жаңғыру – табысты ел болудың кепілі» тақырыбындағы кітап көрмесімен Бектөбе ауылдық кітапханасының меңгерушісі С.Жұмаханова таныстырды. Кеш соңында Қалиев Берік Мақұлбекұлы көрерменнің сұранысы бойынша ән шырқады. Кеш Жамбыл аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы Байдалиев Асқардың қорытынды сөзімен аяқталды.