Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ата-салтым, асыл мұрам»

Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында  «Ата салтым – асыл мұрам» тақырыбында салт-дәстүрді дәріптеу кеші ауыл тұрғындары арасында өтті.

 

Шақырылған қонақтар: Кітапхана жүйесінің директоры Аида Қалисаева мен директордың орынбасары Асия Ойықбаева, әкімінің орынбасары Медет Нұрмаханов, бас маманы  Мирамкүл Исмаилова, кітапхананың зейнеткер оқырманы Жымбаева Ынтық, Бесжылдық орта мектебінің музыка пәнінің ұстазы Икбанова Күнайым.

 

Кешті кітапханашы А.Абилдаева  ауылға арналған арнаумен ашты. Қоңыртөбе бастауыш мектебінің ұстазы Ж.Ташметова  «Ана жыры» әнін домбырамен сүйемелдеп орындаса, кеш «Адай» биімен жалғасын тапты.

 

Іс-шара барысында кітапханашы салт-дәстүрге тоқталып, түсініктер берді осы орайда Жымбаева Ынтық өзінің қолынан шыққан бұйымдарын көпшілікке дәріптеді. Бесжылдық орта мектебінің шәкірттерінің орындауында  Халық биі «Титенок», Украина халық әні «Исал Газак Гадунай» атты күйлерін орындаса, Халық әні «Илигай» қобызшылардың орындауында көпшілікке тарту етілді.  Салт-дәстүрді дәріптеу кеші әдеби композициямен жалғасын тауып, «Ақсақал мен  баланың амандасуы», «Қазақтың ырымдары», «Ауылдың алты ауыздары», «Тұсау кесер» атты   көріністер кештің ажарын ашты.  Шара  барысында  салт-дәстүрге қатысты сұрақтар қойылып, «Сал-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты  ашық қарау, «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылып, концерттік бағдарламамен жалғасты. «Ата салтым – асыл мұрам» атты салт-дәстүрді дәріптеу кешін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Қалисаева қорытындылады.