Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Құштар көңіл

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласын басшылыққа ала отырып, жас ұрпақтың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, жергілікті өнерлі тұлғаның шығармашылығымен таныстыру мақсатында Ерназар ауылдық кітапхана меңгерушісінің ұйымдастыруымен Төлепберген Үрістембековтың  «Құштар көңіл» атты шығармашылық кеші өтті.

 

Шығармашылық кешті тамашалауға Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Қ.Қалисаева, директордың орынбасары Ә.А.Ойықбаева, ауыл ақсақалдары, батыр аналар, Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

 

Іс-шара барысында Т.Үрістембековтың «Рухани жаңғыру», «Тәуелсізбіз», «Үш тілім», «Туған жерім мекенім», «Туған жерім – тұғырым», «Шалқыма», «Қызым Динаға», «Абайменен мақтанам», «Шер аға», «Салт-дәстүрім  - байлығым» жырларын оқушылар жатқа мәнерлеп  оқыды. Кеш авторының әні мен сөзіне жазылған «Елбасыммен мақтанам» әнін аудандық мәдениет үйінің әншісі Саламат Сәбденұлы және  бала-бақша бүлдіршіндері «Мен бақшаға барамын» әнін кеш авторының баянмен сүйемелдеуімен шырқады.   Шығармашылық кеште Төлепберген Үрістембеков өз шығармашылығынан өлеңдерін оқып, әндерін нақышына келтіріп орындады.   

 

         Іс-шара клуб қызметкерлерінің орындауында «Ауылым менің, ауылым» әнімен қорытындыланды.