Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Туған жер тұғырың»

Тоғызтарау ауылдық кітапханасында «Туған жер тұғырың» атты сайыс  өтті.

 

         Кеш қонақтары:

       Іс-шара барысында: Сұңқарлар тобы мен Алғырлар тобы қатысып, 4 кезең бойынша сайысқа түсті.

1   кезең:   «Ән- жырым саған туған ел!» өлеңдер оқу

2   кезең: «Жүйрік болсаң шауып көр» мақал -мәтел

3   кезең:   Кеше, бүгін, ертең  өз ойлары туралы

4  кезең: Өз өнерлерін көрсету

 

         Кеш барысында Сұңқарлар тобынан «Жас қанат» бөбекжайының тәрбиешісі А.Сертекова «Тоғызтарау арнауын» оқыды. Ауыл тұрғыны Аптауов Нұржан  «Туған жер», «Арыс жағасында» өлеңімен көрерменнің қошеметіне бөленді. Іс-шараға тарту ретінде Шарипа мен Теңгегүл апаларымыз  өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қызықты да тартымды өтті нәтижесінде Алғырлар тобы жеңіске жетті. Т.Тоқтаров мектебінің 9-шы, 10-шы сынып  Серікбай Алуа және Жорабек Ақнұр, Қоңыр Нұршат, Убайдулла Зейнеп Ш.Мұртазаның «Не жетпейді?» эссе оқыды. Іс-шараға Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебінің оқушылары  белсене қатысты. Кеш соңында кітапхана директоры А.Қалисаева іс-шараны қортындылап қатысушыларға алғысын білдірді.