Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына арналған оқырман конференциясының сценарийі

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Жалпақтөбе ауылдық кітапханасы

 

 

 

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:

 рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында

 Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына арналған оқырман конференциясының сценарийі

 

 

Жалпақтөбе - 2017

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

 мақаласы аясында, Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары»

кітабына арналған  оқырман конференциясының сценарийі

 

I. Конференцияның мақсаты:

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында оқырмандарға жарнамалық қызмет арқылы, Елбасының сарабдал саясатын насихаттауға,жастардың патриоттық сезімдерін оятуға, жас жеткіншектерді елбасының кітаптарын оқып үйренуге, оқудан алған пікірлерін ортаға салып ізденуге, негізделген. Елбасы еңбектерінің мазмұндық идеясын көрсету арқылы қоғамдағы әрбір қазақстандық үшін құндылығын арттыра түсуді мақсат етеді. Елбасының кітаптарын оқи отырып, Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндау. Қазіргі заман талабына сай қоғамның үйлесімді бөлшегі болып табылатын тұлғаны дамыту,оқырмандардың оқу қабілеттерін арттыру,отансүйгіштікке деген құрмет сезімдерін қалыптастыруды мақсат етеді.

 

II. Конференцияның талабы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары » кітабын оқып, өз ойын жеткізе алу,сөзді дұрыс саптай білуі және сахналық мәдениеті ескеріледі.

 

III. Конференция тақырыптары:

1. Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласына арналған "Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы" атты тақырыпта баяндама.

2. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабының 6 бөлімінен баяндама.

1) ТУҒАН ЕЛІМ – ТІРЕГІМ

2) ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

3) ТУҒАН ТІЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

4)  ҚИЫРДАН КЕЛСЕ ҚАНДАСТАР

5) ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕР ЖАС ТОЛҚЫН

6) ҚАРИЯЛАР ҚАЗЫНАМЫЗ

 

IV. Конференцияның өтілу мерзімі:

 24.11.2017 ж

 

V. Көрнекілігі:

 Слайд, кітап көрмесі.

 

VI. Конференцияның өту барысы:

1. ҚР ән ұраны ойнатылады.

2. Жүргізуші:Жалпақтөбе ауылдық кітапханасының филиал меңгерушісі Гаухар Базарқұлова.

 

         Армысыздар құрметті конференцияға жиналған қауым! Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына арналған оқырман конференциясына қош келдіңіздер!»

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» та­қы­ры­бындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жол­дауының заңды жалғасы іспетті. 
            Елбасы еңбегінде "Біздің мақсатымыз айқын, бағы­тымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қо­сылу… Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – дейді . 

 

Полатқосшы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Қайсарова Әселді "Рухани жаңғыру ұлттың жаңғыруы" атты баяндамасымен ортаға шақырамыз.

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» атты жаңа туындысын тәмамдап, баспаға ұсынған. Сол туындыны «Егемен Қазақстан» газеті 2016 жылдың 21 қыркүйегінде жариялады. Бұл еңбек кітапханашылар үшін де, оқырмандар қауымы үшін де өте жақсы жаңалық және тәрбиелік мәні зор.

Президент бұл еңбегінде ел мен жердің тарихы және тағдыры, әлемнің, қоғамның дамуы, жас буынның алдында тұрған келелі міндеттер, басқа да көптеген, соның ішінде жаһандық та мәні бар мәселелер туралы өзінің пайымдаулары мен ой-толғамдарын күллі адамзаттық құндылықтармен сабақтастыра баяндалған.

«Ұлы дала ұлағаттары» еңбекте еліміздің 25 жылдық торқалы тойына арналған сый тарту. Бұл туындыда Н.Ә.Назарбаев: «Өз еліңе пайдалы болу, өз Отанының тағдыры үшін жауапты болу – әрбір отандық саясаткердің, әрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы» сөзімен басталған.

Осы еңбекте жиырма бес жылдық мүшелді мерзімде мемлекетіміз үшін қалыптасу тұғыры болып қана қойған жоқ, қазақ елі өзгелерге де үлгі болатындай биіктерден көріне бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы жиырма бес жылды жаңылмай, сүрінбей өткерді.

 

         Келесі кезекте бүгінгі Елбасы еңбегінің желісі бойынша ұйымдастырылған конференцияға қатысып отырған жастарымыз  «Туған елім – тірегім», «Тәуелсіздіктің тал бесігі», «Туған тілдің тұғыры», «Қиырдан келсе қандастар» және «Жаңғырып келер жас толқын», «Қарияларымыз – қазынамыз» атты бөлімдерден тұратын «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабына арналған түсіндірме баяндамаларымен таныстырып өтсін.

 

            «Ұлы дала ұлағаттары» оқыр­ма­нына ой салады, жас ұрпақтың өз Отанына құрметін арттырады. Ел­ді­гі­міз­ді паш еткен еңбек орыс, ағылшын тіл­деріне аударып, әлем жұртшылығы на­зарына ұсынуға сұранып-ақ тұр. Ел­ба­сының өз халқын, оның өмір филосо­фия­сын әлемдік қоғамдастықтың бі­луіне жасаған тағы бір сәтті қадамы бо­лар еді. Құрметті қонақтар! Бүгінгі Елбасының туындысына байланысты өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді ортаға бөліссеңіздер.

 

Сөз Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Данаев Ержан Әлімжанұлына беріледі.

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалисаева Аида Қуанышқызына беріледі.

Валерий Чкалов орта мектебінің директорының орынбасары Кеңесбаева Назира Аманбайқызына беріледі.

 

 

         Кезекті бүгінгі жас жеткіншектерімізді "талаптары кең, еліміздің болашағы жастарымыз" дей келе ауыл әкімінің марапаттаумен құттықтап табыс етейік.

Кішкентай бүлдіршініміз Төлепберген Толқынай қызымыз Отаным өлеңімен ортаға шақырамыз.

 

 

         Елбасы «Менің Қазақстаным» деген әрбір қазақстандықтың жан жүрегін баурайтын сөз деп деп түсенімін» дейді, осындай маңызды мәнісі бар қайсар сөзден ұлттық әнұран болып жүректің төрінен орын алады. «Менің Қазақстаным» – біздің тәуелсіздігіміз! Оны қорғау, нығайту, өркендету керектігін және Қазақстан – Ұлы Дала елі, Мәңгілік Ел екеніне тоқталып өтті. Оқырман қауым, «Ұлы Дала ұлағаттары» Елбасының жаңа туындысын оқуға шақырамын.  Туынды жастарды патриоттық тәрбиеге, өз тарихымызды білуге және Ұлы Дала тағылымын жеткізген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін қазақ елінің тарихына берілген бағасы деп ойлаймын. Қазақ халқының өткеніне құрмет көрсету арқылы еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосуға бар күш-жігерімізді жұмсай берейік дегім келеді.

Ұлы дала ұлағаттары атты кітап көрмесімен Валерий Чкалов орта мектебінің кітапханашысы Заттыбекова Ляззат таныстырып отеді.

 

Керімқұлова Гүлжанар қызымыздың орындауында «Самға» әнімен бүгінгі конференциямызды тамамдаймыз! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!