Аудандық орталық кітапханада «Жастар ресурстық орталығы» мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «100 есім» жобасы бойынша «100 жаңа есім» – бұл замануи Қазақстанның келбеті» тақырыбында кездесу кеші жастар арасында өтті. Кешті аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қ.Асхатаева жүргізіп отырды. Кеш қонағы: «100 жаңа есім» жобасына үміткер «Айналайын» Балалар мен жасөспірімдер орталығы «жастар клубы» қоғамдық бірлестігі – ЮНЕСКО төрайымы Разақова Айгүл Әшімқызы қатысты. Іс-шара барысында кеш қонағына белсенді жастар Иманалиева Ақерке, Қалисаева Алима, Орынбек Дәулет сұрақтар қойып, жобаның өту барысы жайында әңгіме қозғалып, тұщымды жауаптар айтылып, ойлары талқыланды. Алдағы уақытта іс-шараға келген жастар аталмыш жобаға атсалысу үшін 4 топқа бөлініп, өзара бәсекеге түсіп, кітапхана және А.Разақовамен бірлесіп жұмыс атқаруға тілектерін білдірді. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырманы Қолғанат Оңғарбаеваның «Бақыт» атты шығармасын «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері Алиханова Мухаббат жатқа айтып беріп, көпшілік ықыласына бөленді. Шарада А.Разақованың «Шуақ» атты бейнеролигі, «Туған жерін түлеткен тұлғалар» слайд, «100 жаңа есімнің қатарынан табылғандар» тақырыбында библиофреш ұсынылды.
«100 жаңа есім» – бұл заманауи Қазақстанның келбеті»